Қазақстандық хоккейші әйелдер Әлем чемпионатын жеңіліспен аяқтады
АСТАНА. 14 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстанның хоккейден әйелдер құрамасы Францияда өткен Әлем чемпионатының соңғы күнінде «В» тобындағы бірінші дивизионында Қытай командасынан жеңіліс тапты.
Vesti.kz-тің хабарлауынша, қытайлық қыздар матчтың есебін 11-ші минутта ашты. Екінші кезеңде Қазақстанның қақпасына тағы екі шайба кірді. Ойынның 53-інші минутында қазақстандықтардың қақпасына соңғы төртінші шайба түсіп, қорытынды есеп 4:0-ді құрады.
Осылайша, Қазақстанның әйелдер құрамасы үздік хоккейшілер элитасына орала алмады.