Қазақстандық хоккейші краснодарлық «Соколдың» намысын қорғамақ
АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстандық ойыншы, 29 жастағы орталық шабуылдаушы Виталий Смольянинов «Сокол» ресейлік хоккей клубымен (Краснояр өлкесі) келісімшартқа отырды.
Өткен екі маусымда спортшы «Казцинк-Торпедо» хоккей клубының (Өскемен қаласы) намысын қорғаған болатын.
«2012 жылдың 28 қыркүйегінде Красноярда «Соколға» қарсы бірінші матчта Смольянинов кездесудің есебін ашып, торпедолықтарға жеңіс әкелген болатын», - деп түсіндірді қазақстандық спортшыға өз назарларын ресейлік хоккей клубының баспасөз қызметі.