Қазақстандық хоккейші шетелдік клубпен келісімшартқа отырды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық хоккейші Роман Савченко румыниялық «Чиксереда» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық хоккейші шетелдік клубпен келісімшартқа отырды

Аталмыш клубтың ресми сайтынан мәлім еткеніндей, «Чиксереда» командасына Р.Савченкомен бірге ресейліктер Яков Селезнев пен Илья Крикунов алынды.

Қорғаушы, 34 жастағы Роман Савченко жуырда астаналық «Номад» клубынан кеткен еді.

Роман Құрлықтық хоккей лигасында 14 маусым бойы өнер көрсетті. Соның ішінде 11 маусымда «Барыс» намысын қорғады. Сондай-ақ «Локомотив» (Ярославль) пен «Сибирь» (Новосібір) құрамында да болды.

Р.Савченко Қазақстан құрамасы сапында бес жылда 29 ойын өткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Барыс» хоккейшісінің Қазақстан азаматтығынан айырылғанын жазған болатынбыз.

Сурет – «Номад» клубы