Қазақстандық хоккейшілер ӘЧ-2017 сұрмергендер көшін бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейден Қазақстан құрамасының шабуылшылары Найджел Доус пен Брэндон Боченски Әлем Чемпионаты-2017 «А» тобының бірінші дивизионы матчтарында үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.    

Қазақстандық хоккейшілер ӘЧ-2017 сұрмергендер көшін бастады

Доус төрт ойында 7 ұпай (4+3) жинап,  тізімдегі бірінші орыннан бөлек, турнирдің үздік сұрмергені атанды.  Боченскиде - 6 ұпай (2+4).

Сонымен бірге, Қазақстан құрамасының тағы бір хоккейшісі   3 ұпай (1+2) жинаған шабуылшы Мартен Сен-Пьер үздік ондыққа енді.