Қазақстандық хоккейшілер Әлем чемпионатына қатысады

Онда Қазақстан құрамасы 1-ші дивизонның «В» тобында Ұлыбритания, Италия, Польша, Хорватия және Украина елінің спортшыларымен сайысқа түспек. Виктор Богатырев жаттықтыратын ұлттық құрама Әлем чемпионаты қарсаңындағы соңғы әзірлігін Беларусь елінде пысықтап, онда 2 жоддастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр.
2011 жылы 12-18 желтоқсанда Польшаның Тызхы қаласында өткен Әлем чемпионатында олар жапондықтарды 2:1, поляктарды 2:0, хорваттарды 4:3 етіп ұтып, одан кейін француздарға 1:2, итальяндықтарға 0:1 есебімен ұтылып, 10 ұпаймен екінші орын алған еді. Ал француздар итальяндықтарды 2:1, хорваттарды 8:1, жапондардан 5:0 есебімен жеңіп, поляктарға 3:2 боп ұтылғанымен 12 ұпай жинап «А» тобына шығатын жалғыз жолдаманы қоржындарына салған. Онда Италия (8 ұпай), Польша (7 ұпай), Хорватия (6 ұпай), Жапония (2 ұпай) құрамалары 3-6 орындарды өзара бөліскен болатын. Соның нәтижесінде жапондықтар өз орнын биыл төменгі топта жеңімпаз атанған Ұлбыриания командасына босатып отыр.