Қазақстандық хоккейшілер Әлем чемпионатының Бірінші дивизионында екінші болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы әлем чемпионатының Бірінші дивизионының «В» тобында барлық матчтар аяқталды, деп хабарлады Sports.kz.
Қорытынды бойынша Қазақстан құрамасы активіндегі 10 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында тұр. Қазақстандық хоккейшілер Латвия (2:1), Словакия (4:2) және Италияны (2:1) жеңді, Қытай (0:2) мен Польшаға (3:4 ОТ) есе жіберді.
«В» тобының қорытынды кестесі:
1. Словакия - 12 ұпай
2. Қазақстан - 10 ұпай
3. Латвия - 9 ұпай
4. Қытай - 8 ұпай
5. Италия - 4 ұпай
6. Польша - 2 ұпай
Осылайша, бірінші дивизионның «А» тобына бірінші орын алған Словакия командасы шықты.