12:11, 18 Ақпан 2017 | GMT +5
Қазақстандық хоккейшілер Азиада-2017 ойындарында ойсырай жеңілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның әйелдер хоккейінің құрамасы Азиада-2017 матчында 0:6 есебімен Жапонияға есе жіберді, деп хабарлайды Sports.kz .

Бірінші кезеңде Ами Накамура мен Чихо Осава көзге түссе, екінші аралықта Шоко Оно мен Риу Укита қақпаға шайба кіргізді. Сонымен қатар Осава екінші рет дубль жасады, ойын соңында Накамура шайба салып, ойынды аяқтады.
20 ақпан күні біздің хоккейшілер қытайлықтармен ойнайды.
Қазақстан - Жапония 0:5 (0:2, 0:3, 0:1)
Шайбалар:
0:1 - 06:53 Накамура (Токо, Кубо). Көпшілікте
0:2 - 19:32 Осава (Хосоямада). Көпшілікте
0:3 - 22:22 Оно (Эномото, Адачи). Теңдікте
0:4 - 33:52 Осава (Осава, Йонеяма). Азшылықта
0:5 - 38:25 Укита (Адачи, Кубо). Теңдікте
0:6 - 58:59 Накамура (Укита). Көпшілікте
Қақпашылар: Раушанова - Фуджимото
Айыппұл: 12:4 (6:0, 2:4, 4:0).