Қазақстандық хоккейшілер бүгін Румыния құрамасымен күш сынасады

АЛМАТЫ. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат - Румынияның Меркуя-Чук қаласында хоккей жарысы өтіп жатыр.

Қазақстандық хоккейшілер бүгін Румыния құрамасымен күш сынасады

13 желтоқсанда басталған бұл дүбірлі додада Ерлан Сағымбаев жаттықтыратын ұлтық құрама алғашқы ойында Польша спортшыларын 3:2 есебімен ұтқанымен, кеше Украин командасына 1:2 есебімен есе жіберді. Бүгін олар ақтық ойынын жарыс қожайындарымен өткізбек. Ал украиндықтар поляктармен кездеседі. Александр Куликов жаттықтыратын украиндықтар бұған дейін хорваттарды 3:0 есебімен ойсырай ұтқан болатын.