Қазақстандық хоккейшілер Олимпиада-2018 жарысының іріктеу тобында 1-ші орын алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның әйелдер құрамасы Олимпиада-2018 бәсекесінің алдын ала квалификациясында G тобының қорытынды матчында Ұлыбританияны 3:1 есебімен жеңді, деп жазады Sports.kz.
Алғашқы кезеңде британия қақпасына екі шайба соғылды. Оны Ғалия Нұрғалиева мен Ғалия Молдабай салды. Ойынның екінші кезеңінде есеп өзгерген жоқ. Ал, үшінші кезеңде Кэти Анри бір шайба салып, өз командасын бір қадам алдыға жылжытты. Алайда, бұл жетістік қайталанбады. Ойынды Татьяна Лихаус қорытындылады.
Осылайша, қазақстандықтар квартетте үш рет жеңіске жетіп, квалификацияның кезекті кезеңіне шықты. Бұл кездесу желтоқсанның 15-і мен 18-і аралығында өтеді.