Қазақстандық хоккейшілер Универсиада финалына шықты
АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы Трентинодағы Универсиаданың жартылай финалында АҚШ командасын 5:1 есебімен ұтып, жеңіске жетті, деп хабарлады Sports.kz.
Алғашқы кезеңде Александр Шин бірінші шайбаны қарсыластар қақпасына енгізді, ал екінші кезеңде Евгений Рымарев жеңісті бекіте түсті. Үшінші жиырма минутта Рымаров есепті 3:1-ге ұлғайды, дегенмен Шон Мерфи арақашықтықты қысқартуға тырысқанымен Александр Липин мен Никита Ковзалов соққан шайбалар американдықтардың үмітін үзді.
Турнирдің финалында қазақстандықтар Канада хокейшілерімен сынға түседі, бұл жекпе-жек бүгін өтеді. Еске сала кетейік, топтық кезеңде Қазақстан Канаданы 4:2 есебімен ұтқан болатын.