Қазақстандық хоккейшілер Универсиада финалына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның ерлерден құралған студенттік құрамасы қысқы Универсиаданың жартылай финалында Чехияны 2:1 есебімен ұтты, деп хабарлайды sports.kz.
Бірінші кезеңде чехтардың басымдығына қарамастан, есепті қазақстандық Алексей Анциферов ашты. Жарыс ортасына таман Павел Зятьков есеп айырмасын ұлғайтты, осындай артықшылықпен Қазақстан соңғы жиырма минуттыққа жетті.
Соңғы кезеңде Петр Школоуд чехиялықтарға үміт сыйлап, бір гол салды. Бірақ олар есепті теңестіре алмады.
Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де ақтық сайыста Қазақстан хоккейшілері ресейліктермен кездеседі.