Қазақстандық инвесторларға Байқоңырдағы 157 нысанды иеленуді ұсынуда
БАЙКОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр қаласының делегациясы Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би ауылында өткен «Қазалы Инвест» инвестициялық форумының жұмысына қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Құрамына қазақстандық және ресейлік мемлекеттік органдық басқармалар кіретін Байқоңырлық делегация «РЗА» агроөнеркәсіптік кешенді, кәмпит шығаратын цехты, күріш өңдейтін зауытты, мал шаруашылық кешенін, балық цехын көрсетіп, қонақтарды өндірістік кәсіпорын өнімдерінің технологиясы және ұйымдастыруымен таныстырды.
Форумның пленарлық отырысында сөз сөйлеген Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Ольга Когай қалаға қазақстандық инвесторлардың қолдауы керек екендігін атап өтті.
Байқоңыр қаласы Ресей Федерациясы жалдайтын «Байқоңыр» ғарыш кешенінің арқасында қаржыланатыны белгілі.
Ольга Когай инвесторларға қала тұрғындары мұқтаж инвестициялық жобаларға көңіл бөлуді ұсынды. Аталмыш жобаларға кейіннен жеке меншікке сату құқығына ие тұрғын үйлер салу, қалалық мәдени және демалыс парктері инфрақұрылымын дамыту, су көзі бар ашық хауызбен қамтамасыз етілген демалыс аймақтарын құру, дене шынықтыру-сауықтыру және ойын-сауық кешендері, туристік кәсіпті дамыту кіреді.
«Бүгінде Байқоңырда пайдаланылмаған және Ресей тарапынан жалға алынбаған 157 нысан бар», - деп атап өтті ол.