Қазақстандық инженерлік-саперлар отрядының Ирактан шығарылғанына 1 жыл болды

АСТАНА.  Қазанның  22-сі. ҚазАқпарат -  Қазақстандық  инженерлік-саперлар отрядының Ирактан шығарылғанына  бүгін 1 жыл  болды, 

Қазақстандық  инженерлік-саперлар отрядының Ирактан шығарылғанына 1 жыл болды

деп   хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстандық бітімгершілер мінген   ұшақ        2008 жылы  қазанның 22-не қараған түні  Алматыға келіп    қонған  болатын.         Алдына қойған  міндеттерді  толық орындаған  және  Ирактағы өз миссиясын  аяқтаған   қазақстандық   контингенттің   бесжылдық бітімгершілік   қызметі  осылайша аяқталды.   Ирак  үкіметінің  өтініші   бойынша  және    ондағы  жағдайдың   біршама  тұрақтануына  байланысты  қазақстандық  әскерилер       елге  оралды.

Ирак басшылығы,   Коалиция бойынша серіктестер   Қазақстанға   үлкен  алғыс білдірді, себебі  біздің  еліміз  2003  жылдың тамыз  айының 19-да басталған  «Иракқа  бостандық»   операциясына   белсенді  атсалысты және        осы  бес жылда  көптеген     қиыншылықтар  мен дағдарысты жағдайларға  қарамастан,      өзінің  одақтастық борышын адал атқарды.   Бітімгершілік миссияның   барысында    Иракта   9 ротация  жасалынып,  Коалициялық күштердің   құрамында   Қазақстан армиясының  290 сарбазы   қызмет етті. Контингенттің     негізгі міндеттері -   жарылмай  қалған     оқ-дәрілерді   іздеу  және  оларды  жою,      дала  жағдайында сумен   қамтамасыз  ету   бекеттерін    жабдықтау,   суды  тазалау   және  медициналық көмек көрсету  болды.

Қазақстан  Қарулы Күштерінің  өкілдері     өздерін жоғары кәсіби    мамандар  ретінде   көрсете  білді.    Ирактағы миссияның басынан   бастап  олар  4 миллионнан астам  жарылғыш     заттың көзін  жойды,   7 618  текше метр   су  тазартылды.  2005   жылдан бастап,  тәжірибе алмасу  бағдарламасы  аясында   Қазақстанның Қарулы күштерінің нұсқаушылары  Ирак Әскери  академиясының 572 курсантын саперлық  іске   үйретті.