Қазақстандық ипотекалық компания 21,6 млрд. теңгенің купондық облигацияларын Қор нарығы арқылы орналастырды

АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ 30 шілдеде «Қазақстандық қор нарығы» АҚ сауда алаңы арқылы жалпы номиналдық құны 21 614 660 000 теңгеге

Қазақстандық ипотекалық компания 21,6 млрд. теңгенің купондық облигацияларын Қор нарығы арқылы орналастырды

(НИН KZ2C0Y05E529, айналым кезеңі 26.07.2018 - 08.08.2018 жж, купондық ставка - 6,0% шекті) «Рейтингтік бағалаумен борыштық бағалы қағаздар» санаты бойынша теңгенің АҚШ долларына девальвациясының индекстелген деңгейі бойынша 14-і шығарылымдағы купондық облигацияларын бастапқы орналастыруды жүзеге асырды. Орналастыру барысындағы өтеуге қатысты кірістілігі жылдық 6 пайыздық ставканы құрады. Бұл туралы «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ баспасөз қызметінен хабарланды.

«Аталған облигацияларды орналастырудан түсетін қаражат екінші деңгейлі банктерден АҚШ долларына деномирацияланған ипотекалық заемдар бойынша талап ету құқықтарын иеленуді қаржыландыруға бағытталатын болады. Аталған облигацияларды орналастыру андеррайтеры болып «Halyk Finance» АҚ қатысқан».