Қазақстандық іздеушілер соғыста қаза тапқандардың мүрделерін қайта жерлеуге қатысты

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ – Новгород облысында Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлердің мүрделерін қайта жерлеу рәсімі болып өтті. Оларды табуға Ресей мен Қазақстаннан келген іздеушілер қатысты,

Қазақстандық іздеушілер соғыста қаза тапқандардың мүрделерін қайта жерлеуге қатысты
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қанды соғыс болған жерлерде көктемгі Еске түсіру вахтасында көптеген қызыләскерлердің мүрделерін көтерудің мүмкіндігі туды. Биылғы маусымда іздеушілер 400-ге жуық майдангердің мүрдесін, сондай-ақ бірнеше медальондарды және қызыләскерлердің қойын кітапшаларын тапты. «Долина» іздеу экспедициясы өкілдерінің айтуынша, бір аптадан кейін Еске түсіру вахтасы Новгород облысының Поддор және Холм аудандарында жалғасатын болады. Ресейлік іздеушілерге бұрынғыша Қазақстаннан келген волонтерлер көмектеседі.