«Қазақстандық қамту-2012» форумы аясында 48 құжат рәсімделді

None
None
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Индустриалдық форум аясындағы «Қазақстандық қамту-2012» форумы барысында жалпы сомасы 15 млрд. теңгені құрайтын 48 құжат рәсімделді.

Мәселен, қырғыз елінің «Қырғыз темір жолы» ұлттық темір жол компаниясы елімізде құрастырылатын жалпы құны 3501,5 млн теңгені құрайтын ТЭ33А «Evolution®» тепловоздарын сатып алуға ниет танытып отыр. Сонымен қатар Ресейдің «Евросиб СПб-Транспортные системы» компаниясы 2013 жылы аталған тепловоздардың 50 данасын сатып алмақ.

Сонымен қатар ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық мақсаттарға арналған арнайы автомобильдерді сатып алу үшін үшжақты меморандумға қол қойды. Ал «Қазақтелеком» компаниясы кабель өнімдерін сатып алу туралы 4 меморандумды, Павлодар мұнайхимия зауыты машинажасау өнімдерін сатып алу туралы 10 меморандумды, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ұзақмерзімді 4 келісімді, «Петропавл құрылыс материалдары зауыты» ЖШС 3 меморандумды, «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС 2 меморандумды, КЕГОК компаниясы 2 меморандумды рәсімдеді. Бұдан бөлек тағы да бірқатар отандық компаниялар келісімшарттар мен меморандумдар жасасты.

Соңғы жаңалықтар
telegram