Қазақстандық қамту көрсеткіштерінде нақты өсім бар - Ә.Исекешов

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақстандық қамту мәселесінде барлық бағыттар бойынша ілгерілеушіліктер бар. Бұл туралы бүгін «Ұзақмерзімді әріптестік арқылы - тұрақты дамуға» атты Қазақстанның тауар өндірушілері форумында Премьер-Министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов мәлім етті.

Қазақстандық қамту көрсеткіштерінде нақты өсім бар - Ә.Исекешов

Оның айтуынша, келесі жылы индустрияландыру картасы бойынша жаңа жобалар іске қосылуы тиіс. Олар негізінен қазір жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды жаңғыртып, қосымша жаңа кәсіпорындар ашу түрінде болады. Осы кәсіпорындардың басым көпшілігінде қазақстандық қамту мәселесі ерекше ескеріледі, яғни бұл кәсіпорындар ұзақмерзімді тапсырыстар алады. «Біз «Самұрық-Қазына» қорымен жұмыс барысында көптеген ірі және кіші жобаларды іске қосамыз деген үміттеміз және олар елімізде жаңа өнім түрлерін шығарады», деді Үкімет басшысының орынбасары.