Қазақстандық қамту саясаты қатаң сақталатын болады - ИЖТМ

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі қазақстандық қамту саясатын қатаң ұстанатын болады.

Қазақстандық қамту саясаты қатаң сақталатын болады - ИЖТМ

 Бұл туралы бүгін «Бірінші бекет - Қазақстан» атты тасымалдаушылардың ақпараттық жүйесіне арналған шара барысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев  мәлімдеді.

«Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аса маңызды элементтерінің бірі жергілікті қамтуды дамыту болып табылады. Сонымен қатар,  алдағы уақытта да отандық тауар, жұмыс пен қызмет көрсететін компаниялар үшін, олардың бұндай қызметтері мен өнімдерін ішкі нарықта кіріктірудегі орнықты дамудың қамтылуына баса назар аударылады. Аталған шара отандық инновациялық өндірістің қуатты дамуының негізін қалыптастыратыны айқын», - дейді вице-министр.

Айта кетерлігі, мемлекеттік бағдарламаның нәтижелілігін арттыратын «Бірінші бекет-Қазақстан» ілкі жобасы аясында өндіріс қуатының орналасуы туралы бірегей мәліметтер базасы қалыптасатын болады. Мамандардың айтуынша, жоба аясында қалыптасатын мәліметтер базасы мердігерлер мен тасымалдаушылар арасында ақпарат алмасу үшін тиімді тетікке айналмақ.