18:20, 13 Қаңтар 2010 | GMT +5
Қазақстандық қамтуды дамыту мәселелері жөніндегі Сарапшы кеңестің бірінші кеңейтілген отырысы өтті
АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Индустрия және сауда министрлігінде вице-министр Ерхат Ысқалиевтің төрағалығымен қазақстандық қамтуды дамыту мәселелері жөніндегі Сарапшы кеңестің бірінші кеңейтілген отырысы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, отырысқа мемлекеттік органдардың, бизнес топтың, «Атамекен» одағының және Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдері қатысқан. Отырыста бірқатар мәселелер талқыланған. Олардың ішінде Үкімет қаулысымен бекітілген тауарларды жеткілікті өңдеу критерийлеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу, тауардың шыққан елін анықтау және тауардың шығуы туралы сертификат беру туралы ереже, сондай-ақ отандық кәсіпорындар ұсынған сериялы өндіріс кезіндегі алдыңғы сараптаманың нәтижелерін пайдалану сынды мәселелер бар.
Сарапшы кеңесін құрудағы мақсат - қазақстандық тауар өндірушілердің проблемаларын талқылау және олар бойынша нақты шешімдер қабылдау болып табылады.