Қазақстандық каратеші «Premier League Paris» турнирінің чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық каратеші Дархан Асаділов халықаралық «Premier League Paris» турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Қазақстандық каратеші «Premier League Paris» турнирінің чемпионы атанды

60 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған отандасымыз Асаділов финалда бразилиялық Дуглас Брозені тізе бүктірді. Ал қола медалді өзбекстандық Садриддин Сайматов пен франциялық Йоанн Лопеш өзара бөлісті.

Әйелдер арасында сынға түскен тағы бір отандасымыз Сәбина Захарова 55 келі салмақ дәрежесінде бесінші орынға ие болды.

Фото:prosports.kz