Қазақстандық қаржыгерлер партаға отырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігінің қызметкерлері үшін қазақ тілін үйрену деңгейін арттыру курстары басталды, деп хабарлады Қазақ гуманитарлық заң университетінің баспасөз қызметі.

Қазақстандық қаржыгерлер партаға отырды

«ҚазГЗУ университетінің үздік оқытушылары қазақ тілінен ҚР Қаржы министрлігінің қабырғасында сабақ жүргізуде. Курстар 2014 жылдың 15 желтоқсанына дейін өтеді. Олардың қазақ тілін қаншалықты деңгейде білетінін анықтау үшін 21 қазан күні университет қабырғасында тестілеу жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша 5 топ құрылды: екеуі - жалғастырушы, екеуі - орташа деңгейдегі және біреуі бастаушы. Қазақ тілін үйренушілердің жалпы саны 106 адамды құрады», - делінген таратылған хабарламада.