Қазақстандық кәсіпкерлер мемлекеттік тексеру барысындағы құқықтары мен міндеттерін айқындауда

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Баспасөз мәслихатын Қазақстанның кәсіпкерлер форумы, Қазақстандағы бизнес-ортаны жақсарту бойынша USAID жобасы (BEI) және Алматы қаласы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті бірлесе ұйымдастырып отыр. 2009 жылы шілде айында «Жеке кәсіпкерлік мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулер мен қосымшалар енгізу туралы» Заң қабылданды. 2010 жылдың ақпанында күшіне енген заңда мемлекеттік органдар үшін тексеру жүргізудің тәртібі анықталып, тексеру барысындағы қадағалаушы мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттері регламенттелген болатын.
«BEI жобасы Кәсіпкерлер форумымен бірлесе отырып заңдағы өзгертулер мен қосымшалар жөнінде еліміздің бес аймағында кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізді. Нәтижесінде 80 пайызы бұл заңнан хабарсыз болып шықты. Осы мәселені шешу үшін «Тексеру мәселесі жөнінде кәсіпкер не білуі қажет?» деп аталатын кітапша дайындап, аймақтардағы қауымдастықтарға тараттық. Ендігіде кәсіпкерлік қызметті тексеруде тексеру жүргізудің тәртібі мен қадағалаудың нақты шекаралары сақталынатын болады. Сонымен қатар, жемқорлыққа да жол берілмейді», деді Виктор Ямбаев.
Отырысқа қатысушы Қазақстанның кәсіпкерлер форумының директоры Мунавара Палташеваның айтуынша, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі аймақтық деңгейде рұқсат беруші құжаттарды қайта қарау бойынша жұмысты бастаған. Онда негізсіз, қайталанатын, ескірген және заңсыз рұқсат беруші құжаттарды анықтап, олардың күшін жою міндеті алға қойылған. Оның нәтижелері БАҚ-да жарияланатын болады.