Қазақстандық кәсіпқой боксшы Виталий Демьяненко өзінің спорттық мансабын аяқтады

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстандық 29 жасар кәсіпқой боксшы Виталий Демьяненко өзінің спорттық мансабын аяқтауға шешім қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz..
None
None

«Бұл жайында айту оңай емес, бірақ мен 17 жыл жүргеннен кейін бокстан кетуге шешім қабылдадым. Себептер сан түрлі, соның ішінде медициналық көрсеткіштер де бар. Әлем чемпионы бола алмағаным өте өкінішті. Мен WBO рейтингінде төртінші болып тұрғам, тек бір қадам жасауым керек еді. Қазір өзімнің жаңа лауазымыма үйреніп келемін - Astana Arlans клубының менеджерімін. Бұл жұмыс маған өте қызықты», - деп мәлімдеді В. Демьяненко.

Осы жылдың ақпан айында ғана В. Демьяненко өз мансабын тоқтату әлі жоспарда жоқ екенін айтқан болатын. Бірақ өткен маусым сәтсіз аяқталғандықтан оған демалыс қажет болды. Спортшы өткен жылдың желтоқсан айында Жаңаөзенде Тұңғыш Президент күні мен Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының құрылғанына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған бокс турнирінде шаршы алаңға шыққан болатын. Сол кезде ол Африканың серкесі кіші Принц Докуді сенімді түрде жеңген еді.

Boxrec.com порталының статистикасына сүйенсек, қазақстандық спортшы кәсіпқой рингте 22 рет жеңіске жетіп, оның 12-сін нокаутпен аяқтаған екен. В.Демьяненко шаршы алаңда ешкімнен жеңілген жоқ.

Соңғы жаңалықтар