Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың IBF-тегі рейтингі қандай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ санаты бойынша жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап.

Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың IBF-тегі рейтингі қандай

Орта салмақта Геннадий Головкин тізімнің үшінші сатысында қалды. Бірінші орын украиналық Сергей Деревянченкоға тиесілі. Бұған дейін хабарлағанымыздай, GGG Деревянченкомен әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізуі ықтимал.

Мейірім Нұрсұлтанов 11-ден 10-ыншы орынға көтерілді.

Жартылай орта салмақ санатында бұған дейін 14-інші позициядан көрініп келген Бақтияр Эюбов ТОП-15-тен шығып қалды.

Нұрсұлтан Жанабаев рангтар туралы табельге 15-інші болып енді. Бұл дивизионда әлем чемпионы атағы Эррол Спенске тиесілі. Ал бірінші орында өзбек боксшысы Кудратилло Абдукахоров тұр.