Қазақстандық кеденшілер өздерінің кәсіби мерекесін атап өтуде

АСТАНА. Желтоқсанның 12-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін, желтоқсанның 12-сі - қазақстандық кеденшілердің кәсіби мерекесі.

Қазақстандық кеденшілер өздерінің кәсіби мерекесін атап өтуде

Осы күні 1991 жылы ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстанның кеден қызметі құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кедендік органның құрылуы республикамыздың егемендігін алуымен тұспа-тұс келді. Содан бері ел тәуелсіздігімен жасасып, мемлекеттің мүддесін қорғау ісінде, оның экономикалық және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде абыройлы қызмет атқарып келеді. Бұған дейін бірнеше рет реформаланған кедендік орган биыл 18 жылдық мерейтойын атап өтуде.

 Бүгінгі мерекеге орай Қазақстан кеденшілерін ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрбозов құттықтады.

 «Кедендік қызмет - мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатын жүзеге асырудағы маңызды буын. Қазақстандық кеденшілер, республиканың экономикалық мүдделерін қорғауда өздеріне артылған міндеттерді адамгершілікпен және абыроймен атқарып отырғандарын қанағаттана атап өткім келеді. Кедендік қызмет мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігіне қаражаттардың түсу көздерінің бірі болып табылады, сондай-ақ - Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуының және оның тұрғындарының әл-ауқатының өсуінің берік негізі. Сіздердің аянбай атқарып отырған еңбектеріңіз үшін, ымырасыздық пен істеріңізге деген адалдықтарыңыз үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер. Сізге және жақындарыңызға мықты денсаулық, Отанымыздың гүлденуі жолындағы қызметтеріңізге жаңа табыстар тілеймін!», делінген құттықтауда.