Қазақстандық кеденшілер Түркиядан контрабандалық тауарларды жеткізудің ірі арнасын жапты

АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - Кедендік бақылау комитеті контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Түркия Республикасынан халық тұтынатын тауарларды контрабандалық жолмен жеткізудің кезекті ірі арнасын әшкереледі.
None
None

Бұл туралы ҚР ҚМ КБК-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматы қаласының аумағында мәліметтері күмән келтіретін декларациялау күдігі бойынша алматылық компаниялардың бірінің мекенжайына жеткізілген 12 жүк автокөлігі тауарларымен бірге ұсталды.

Кедендік декларациялар мен тауарға ілеспе құжаттарда жалпы сомасы 133 млн. теңгені құрайтын халық тұтынатын тауарлар көрсетілген.

Алайда, тексеру барысында автокөлік құралдарынан жалған мәлімделген халық тұтынатын тауарлар табылды, бұл ретте кейбір автокөлік құралдарында көрсетілген тауарлардың орнында мүлде басқалары болған. Декларацияланбаған тауарлардың жалпы кедендік құны 279 млн. теңгеден астамды құрайды, мемлекетке келтірілген залал - 90 млн. теңгеге жуық.

Аталған компанияның жұмыскерлерінің біріне қатысты ҚР ҚК-нің 209-бабымен (аса ірі көлемдегі экономикалық контрабанда) қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Кедендік бақылау комитеті анықтаған Түркиядан жеткізілетін контрабандалық тауарлардың фактілері бұл бір ғана емес. Ағымдағы жылдың ақпан айында республиканың түрлі аймақтарында жалпы сомасы 126 млн. теңгеден асатын халық тұтынатын контрабандалық тауарларымен 4 автокөлік ұсталды.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасының кеден органдары 3,7 млрд. теңге сомасына контрабандалық тауарларды тәркілеп, 434 қылмыстық іс қозғады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар
Референдум