Қазақстандық «Кеңсе аруы» халықаралық сән байқауына қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматылық ару Адель Камердинова Мәскеу қаласында өтетін «Кеңсе аруы - 2017» халықаралық байқауының ақтық кезеңіне қатысатын болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 Қазақстандық «Кеңсе аруы» халықаралық сән байқауына қатысады

Айта кетсек, «Кеңсе аруы - 2017» халықаралық байқауы осымен сегізінші рет өткізіліп отыр. Мәскеуде 1 желтоқсан күні өтетін сән сайысына бүкіл ТМД елдерінің арулары қатыспақ. Қазылар алқасының шешімімен бірге байқауға қатысушыларға интернет арқылы дауыс беруге болады. Осыған дейін байқаудың ақтық кезеңіне жолдама алушыларды анықтау үшін бүкіл ТМД елдерінде 23 кастинг ұйымдастырылып, ең сұлу деген 95 ару іріктеліп алынған. Байқаудың жеңімпазына 1 миллион рубль қаржылай сыйлық табысталмақ.
null

Аталған байқауда Қазақстанның атынан шығатын Адель Камердинова Болат Аюхановтың балет мектебінде үш жастан бастап би өнеріне үйренген. Үш тілге жүйрік Адель АҚШ-та екі жыл оқып келген. Өзінің айтуынша, Адельдің отбасының мүшелерінің барлығы тұрақты түрде қайырымдылық көрсетеді.

«Uniqkids» балалар орталығында хорегораф болып жұмыс істеймін. Бес жыл бұрын тұрмыс құрғанмын. Үш жасар кішкене қызымыз бар. Көркімен бірге ақылы, ой-танымы, шығармашылық қабілетін айқындайтын сән сайысынан жеңіспен оралуды мақтап етудемін», - дейді Адель.