Қазақстандық кинематографистер Могилевтегі халықаралық анимациялық фильмдер фестиваліне қатысады

АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат - «Анимаевка-2009» ІІ халықаралық анимациялық фильмдер фестивалі Могилевте (Белорус) қыркүйектің 24-і мен 26-сында өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА сайтына сілтеме жасап.

«Анимаевка-2009» конкурстық бағдарламасында 14 елдің - Ресейдің, Украинаның, Беларустың, Литваның, Латвияның, Эстонияның, Қазақстанның, Өзбекстанның, Грузияның, Польшаның, Әзірбайжанның, Иранның, Қытайдың және Арменияның аниматорлары фильмдерін ұсынатын болады. Фестиваль аясында Могилев облысының барлық аудан орталықтары мен қалаларында театрланған көріністер, концерттер, шығармашылық кездесулер және көрмелер ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар