Қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы ойындары қашан өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптада елордалық «Астана», алматылық «Қайрат», павлодарлық «Ертіс» және қостанайлық «Тобыл» футбол командалары еурокубоктағы ойындарын бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, 10 шілде күні «Тобыл» Грузияда Еуропа Лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясында «Самтредиямен» кездеседі. Матч Астана уақытымен сағат 20.00-де басталады.
11 шілдеде «Астана» Чемпиондар Лигасының алғашқы іріктеу кезеңі шеңберінде черногориялық «Сутьескіні» қабылдайды.
12 шілде күні Еуропа Лигасының алғашқы біліктілік раундында «Ертіс» пен «Қайрат» бірінші ойындарын өткізеді.
Павлодарлық команда сағат 20.00-де сырт алаңда литвалық «Тракаймен» шеберлік байқасады. Сағат 00.00-де алматылықтар Андорада жергілікті «Энгордани» клубына қарсы ойынды бастайды.