Қазақстандық көлік жарысына қатысушылар Катардағы ралли-кросс бойынша Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы бойынша топ-10-дыққа кірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық көлік жарысына қатысушылар Катардағы ралли-кросс бойынша Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы бойынша топ-10-дыққа кірді. Жарыс қорытындысы бойынша Юрий Сазонов пен Дмитрий Цыро төртінші орын алды, ал Ерден Шағыров пен Виталий Евтехов біріншіліктің 10-шы орнын иеленді.

Қазақстандық көлік жарысына қатысушылар Катардағы ралли-кросс бойынша Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы бойынша топ-10-дыққа кірді

Қазақстандық «MobilEx Racing Team» командасы топ-10-дыққа нық орнықты.

Юрий Сазонов мен Дмитрий Цыроның «№207 экипажы жарыс басында үздік бестікке кіруге тырысты. Жарыстың алғашқы күндері техника көнбей, тежегіш істен шығып, қозғалтқыш нашар жұмыс істеді. Механиктердің көмегінің арқасында бәрі ретке келтіріліп, Юрий Сазонов пен Дмитрий Цыро өз кәсібиліктерін көрсетуге мүмкіндік туып, 4-ші орынды иеленді», - деп хабарлады команданың баспасөз қызметінен.

№ 211 экипаждағы Ерден Шағыров пен Виталий Евтеховтың оқиғасы қызық болды.

«Мәреге 4 шақырым қалғанда олардың көлігі сортаң жерде бөгеліп қалды. Құтқару операциясы екі сағатқа созылды. Соған қарамастан экипаж міндетін орындап, мықты топ-10-дыққа ілігіп, үздік драйверлік дағдыларын көрсете білді», - деді «MobilEx Racing Team» командасынан.