Қазақстандық қолөнер шеберлері өздерін салықтан босатуды сұрайды

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 7-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Елімізде қолөнер саласының дамып, бәсекеге қабілетті болуы үшін олар салықтан босатылуы тиіс.  Бұл туралы Алматыда өткен «Шығыс жаңа жылы» атты Орталық Азиялық көрме-жәрмеңке барысында қолөнерші Роза Сәрсебаева айтты,

Қазақстандық қолөнер шеберлері өздерін салықтан босатуды сұрайды

         деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         Оның айтуынша, бұл еліміздегі көптеген қолөнершілердің ұсынысы.

«Бүгінгі көрмеге Орталық Азияның 5 елінен қолөнершілер келді. Жалпы осындай көрме елімізде жылына 3 рет өткізіліп тұратындықтан, көрші елдердегі қолөнершілермен, олардағы ахуалмен жақсы таныспыз. Олардың көпшілігінде қолөнершілер салықтан бостылыған. Өйткені, қолөнер жұмысы ауыр, әр өнім жеке қолмен жасалатындықтан, өнімдер қымбат. Осыған байланысты тауарлардың да өтімі аз. Бұны сезінген көрші елдердің үкіметтері қолөнершілерді салықтан босатып отыр. Нәтижесінде, бүгінгі көрмеде байқағанымыз, көрші елдерден келген қолөнер шеберлерінің бұйымдары біздегіден арзандау, әрі өтімді болып жатыр. Үкімет тарапынан бұл жеңілдік қазақстандық қолөнершілерге де жасалса»,  дейді  шеберлер.

         Қазақстандық әріптесінің сөзін өзбекстандық қол өнер шебері Матлюба Абекеева да қолдайды. «1997 жылы Өзбекстан Президентінің жарлығымен Өзбекстан қолөнершілері салықтан босатылған. Қазір бұл салада әжептәуір ілгерлеушілік бар. Бүгінгі таңда біздің шеберлердің бұйымдары арзан, әрі өтімді», дейді өзбекстандық шебер.