Қазақстандық командалар баскетболдан халықаралық турнирге қатысады

БІШКЕК. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ – Үш бірдей қазақстандық қыздар командасы баскетболдан халықаралық турнирге қатысады,

Қазақстандық командалар баскетболдан халықаралық турнирге қатысады
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, мамырдың 17-сінде қырғыз астанасында жалауын көтеретін турнирге Қазақстанның жастар құрамасы, «Алматы» клубы және ҚР чемпионатына қатысушы «Тараз» клубы өз өнерлерін көрсетпек. Олар Бішкек командасымен сайысқа түседі. Бішкектіктерді Қазақстанға танымал маман Вячеслав Андреев жаттықтырады.Мамырдың 19-ында аяқталатын халықаралық турнир ойындары үшін Бішкектегі ең таңдаулы алаң ? Қожомқұл атындағы спорт сарайы ұсынылып отыр.