Қазақстандық конькишілердің формасы әлемдегі ең әдемі форма деп танылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлем кубогының А тобында шеберлігін көрсеткен командалар арасында Қазақстан конькишілер құрамасының формасы екінші жыл қатарынан ең әдемі деп танылды. Дауыс беру голландиялық Allesmetsport.nl сайтында жүргізілді.

Қазақстандық конькишілердің формасы әлемдегі ең әдемі форма деп танылды

Қазақстандық форма дауыстың 62 пайызын жинады. Сауалнамаға 512 адам қатысты. Екінші орынға Нидерданды құрамасының киімі ие болды. Үздік үштікке Норвегия құрамасы да енді, деп жазды vesti.kz .

Еске сала кетейік, 28 ақпан мен 1 наурыз аралығында Астанадағы «Алау» спорт кешенінде конькимен жүгіру спорты бойынша әлем чемпионаты өтеді. Оған Қазақстан өкілдері де қатысады.