Қазақстандық қор биржасында Bank of America Corporation жай акциялары сатылымға шығарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше, 4 мамырда Қазақстандық қор биржасында Bank of America Corporation жай акцияларының сатылымы ұйымдастырылды.
Алғашқы сауда күні жоғары белсенділікті көрсетпеді. Листингтің бастамашысы - Freedom Finance инвестициялық компаниясы нарықтағы мерекеге орай тыныштықты техникалық рәсімдерді реттеуге пайдаланғандарын және келесі дүйсенбіден бастап сауда-саттық көлемінің ұлғаюына дайындалып жатқандықтарын айтты.
Бірінші сауда күні Bank of America Corporation-ның әрқайсысы 2 787,97 теңгеден 67 жай акциясы сатылды.
Белгілі болғандай, акциялар 2013 жылғы 7 қарашадан бастап екінші санат бойынша KASE ресми тізіміне енгізілген.
Акции Bank of America акциялары Нью-йорк (NYSE) және Лондон (LSE) қор биржасында сатылымға түседі. 2 мамырда өткен NYSE сауда-саттықтың жабылуында құнды қағаз бағасы 5,25 долларды құрады.