Қазақстандық «Қожайындар» фильмі «Азиялық Оскар» аталымына ұсынылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әділхан Ержановтың «Қожайындар» фильмі «Азиялық Оскардың» үздік фильм және үздік операторлық жұмыс аталымдарына ұсынылды. Бұл туралы Фейсбуктегі парақшасында белгілі қазақстандық кинотанушы Гүлнар Әбікеева жазды.
Оның сөзіне қарағанда, «Жылдың үздік фильмі» аталымында «Қожайындар» фильмінен басқа 4 картина үмітті. Олар Нури Бильге Джейланның «Қысқы ұйқы» (Каннда «Алтын пальма жапырағы»), Андрей Звягинцевтің «Левиафан» (Каннда үздік сценарий үшін сыйлық), Реза Дормишианның ирандық «Мен өкпелесмеймін!» (Берлиналеге қатысушы) картинасы және Шавкат Амин Корканың құрдтық «Тастағы естелік» лентасы.
«Биыл Берлиналеде бас жүлдені алған қытайлық «Қара көмір, жұқа мұз» лентасы да бұл санатта ұсынылмаған. Тек «Үздік операторлық жұмысқа» ұсыныпты. Бұл аталымға қазақстандық жас оператор Еркінбек Пітірәлиев ұсынылды. Оның бәсекелесі екі қытайлық және екі ресейлік оператор болмақ», - деді ол.
Азиялық Оскарды табыс ету салтанаты АPSA сайтында ( https://www.asiapacificscreenacademy.com/ ) 2014 жылдың 11 желтоқсанында онлайнда көрсетіледі.
Азиялық киносыйлық (англ. Asian Film Awards) - халықаралық прокаттағы үздік азиялық картиналар үшін беріледі. Алғаш рет ол 2007 жылы 20 наурызда Гонконгте өткен. Кейбір БАҚ оны бірден «Азиялық Оскар» деп атап кеткен.