Қазақстандық курсант Елнұр Асанов Сеулде алғашқы болып дауыс берді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Корея Республикасы мен Жапониядағы азаматтары ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру құқығын алғашқылардың бірі болып пайдаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық курсант Елнұр Асанов Сеулде алғашқы болып дауыс берді

ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, Сеул қаласында сайлауда дауыс берген алғашқы замат курсант ЕлнұрАсанов болды.

«Мен бұл сайлау еліміз үшін экономикалық дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады деп күтемін. Трансформация біздің мемлекетіміз үшін қажет, ол елдің дұрыс бағытта дамуына қуатты серпін береді деп сенемін. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде азаматтық борышымды орындап, өз үлесімді қосқым келеді! Елімізге нығайып, өркендепу тілеймін!» - деді Е.Асанов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Сеулде №258 және Токиода №261 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де (астана уақытымен 04.00-де) дауыс беру үшін бірінші болып ашылды.