Қазақстандық құзға өрмелеушілер Таиландта дайындықтан өтті

Армиялық спортшылар Қазақстан Республикасы құрамасының құрамында жаттықты. Шыңға өрмелеушілердің басты міндеті 8 (а)-дан бастап 8 (с)-ға дейін неғұрлым көп күрделі бағдардан өту болды. Барлығы армияшылар шамамен 30 бағдардан өтті. Артем мен Никита Девятериковтар халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері. Бұл дарынды спортшылардан қазақстандық және әлемдік әскери спорт әлемінде үлкен үміт күтуге болады.
25 ақпанда «жылдамдық» және «болдеринг» түрлерінде спорттық құзға өрмелеу бойынша Қазақстан Республикасы кубогы бірінші кезеңінің сайысы басталатынын айта кетейік. Одан басқа, ақпанның 1-і мен 14-і аралығында Қырғыз Республикасының Ала-Арша шатқалында халықаралық альпинизм фестивалі аясында өткізілген техникалық дәрежедегі альпинизмнен әлем чемпионаты өтті. Сайысқа Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Украинаның 9 командасы қатысты. Қазақстандық құраманың негізгі құрамында альпинизмнен 1-дәрежелі спортшы ҚР ҚК-нің қызметкері Тұрсынәли Әубәкіров қатысты. Халықаралық альпинизм фестивалінің қатысушыларына 5 (а)-дан бастап 6 (а)-ға дейінгі күрделі санаттағы шыңды бағындыруға тура келді»,- делінген Қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратта