Қазақстандық қысқаметражды фильм Азияның «Оскарын» алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық режиссер Елзат Ескендірдің «Өліара» фильмі Оңтүстік Кореяда өткен Пусан халықаралық кинофестивалінің сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Елзат Ескендіровпен бірге Sonje Award аталымына Viewer (көрермен) фильмі үшін оңтүстіккореялық Ким Соуен де лайықты деп табылды. Жеңімпаздарғы сыйлық ретінде мүсін мен 10 млн кореялық вон (10 мың доллар) беріледі.

 

Айта кетейік, фильм танымал жазушы Оралхан Бөкейдің повесінің негізінде түсірілген. Бұл повестің басты кейіпкері - бақташы. Ай туатын уақытта ол рухани дағдарысты бастан өткереді. Ол әйелінің «көзіне шөп салғанын» біліп қалып, одан мүлдем кетіп қалмақ болады.

Қоюшы-режиссері Елзат Ескендір, сценарий авторы - Елзат Ескендір мен Өміржан Әбдіхалықұлы. Басты рөлдерде Асылболат Смағұлов, Баян Қажынабиева, Дулыға Ақмолда және Мақсат Әбдірахмен ойнайды. Ал, фильмнің продюсері Сергей Әзімов, қосымша-продюсерлері Анна Вилгельми (Германия), Дария Әзімова.

Атқарушы продюсер - Дәурен Дариябек.

 

Пусан халықаралық фестивалі Азиядағы ең танымал фестивальдардың бірі. Ол 1996 жылдан бастап, жыл сайын Пусан қаласында өтеді. Фестивальда негізінен режиссерлік жұмысты енді бастап келе жатқан жас мамандардың жаңа шыққан фильмдеріне басымдық беріледі. Оның ресми түрде өтетін орны Пусан киноорталығы.





Соңғы жаңалықтар