19:50, 14 Шілде 2013 | GMT +5
Қазақстандық қыздар Универсиадада скитте атудан командалық есепте қола медальға ие болды
АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанның қыздар командасы Қазандағы Универсиадада скиттен командалық есепте қола жүлдеге ие болды, деп хабарлады Sports.kz.
Құрамында Эльвира Ақчурина, Ангелина Мищук және Жәния Айдарханова кірген команда Ресей мен Таиланд өкілдеріне жол берді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бүгін күміс медальға ескекші Сергей Емельянов пен самбошы Бейімбет Қанжанов қол жеткізген болатын.