Қазақстандық легионер Аршавиннің қызына берген есімі белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат  -  Ақпан айында Андрей Аршавиннің екінші әйелі, питерлік журналист Алиса Казьмина қыз баланы дүниеге әкелді. 
None
None

Алайда, бүгінде  Қазақстанда тұрып, жергілікті «Қайрат» клубы үшін ойнап жүрген Андрей ол кезде сәбиінің есімін жұртшылыққа жарияламаған болатын. Енді міне, Аршавин мен оның жұбайы қыздарын қалай атанғандары белгілі болды,  оның есімі - Есеня, деп жазады «Комсомольская правда».

Есеня   Испания клиникаларының бірінде ақпанның ортасында дүниеге келді.  Жүктілігінің соңғы айларында Алиса Еуропада тұрды, ал Андрей Қазақстанда жаттығып жүрді. 

Айта кетейік, көпшілік Есеняны ер адамның есіміне ұқсатады. Аршавиннің «Қайраттағы» әріптестері бала туа салысымен журналистерге оның ұлды болғандығын хабарлаған болатын. Кейін футбол клубының ресми сайтында бұл ақпарат теріске шығарылды.

Андрей Аршавин мен питерлік журналист Алиса Казьмина  (сол кезде жүкті болған) өткен жылы қыркүйекте некелерін тіркеген. Алиса үшін Андрей бірінші азаматтық әйелі   Юлия Барановскаямен ажырасты.

Алиса Казьминаның бұл  үшінші баласы  (оның бизнесмен Алексей Казьминнен қызы мен ұлы бар), ал Андрейдің - төртінші.  Юлия Барановская мен  Аршавиннің үш баласы бар,  қызы Яна және ұлдары Арсений мен Артем.

Соңғы жаңалықтар