Қазақстандық легионер-теннисші «Құрмет» орденімен марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин «Құрмет» орденімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық легионер-теннисші «Құрмет» орденімен марапатталды

Бұл туралы ол өзінің «Инстаграмдағы» парақшасына жазды.

«Мемлекеттік награда, «Құрмет» орденін алғаныма мақтанамын. Бұл мен үшін үлкен құрмет. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім білдіргені үшін алғыс айтамын. Сондай-ақ, Қазақстан теннис федерациясының президенті Өтемұратовқа қолдауы үшін рахмет», - деп жазды Кукушкин.

Айта кетейік, Ресейде дүниеге келген Михаил Кукушкин 2008 жылдан бері еліміздің намысын қорғап келеді. Осыдан бірер күн бұрын кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (АТР) өз спортшыларының жаңартылған рейтингін жариялған болатын. Онда отандасымыз 78-орыннан көрінген еді. Жалпы оның рейтингтегі ең үздік нәтижесі - 46-орын (2015 жылы). АТР турнирінің және Азия ойындарының жеңімпазы болған.