Қазақстандық лоукостер билеті неліктен арзан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық лоукостер өзге авиакомпанияларға қарғанда билет бағасының неліктен төмен екендігін шағын видео матерал арқылы түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматық авиация комитетінің Фейсбуктегі парақшасында жарияланған видео материалда Қазақстанның алғашқы лоукостері Fly Arystan компаниясы билет бағасының төмен болуына бірнеше фактор себеп екендігін алға тартады.

«Үнемділік бірнеше факторға байланысты. Лоукостерлер жанармайды үнемді түрде жұмсайтын жаңа ұшақтарды пайдалануды артық көреді. Бизнес класстың болмауы отыратын орындықтардың санын арттырады. Ұшақтың бір түрін пайдалануы, әлемдік қауіпсіздік стандарттарына сай болу үшін техникалық қызмет көрсетуі және экипаж оқуы бір бағдарлама бойынша өтеді. Билеттерді неғұрлым ерте сатып алсаңыз бағасы соғұрлым арзанға түсетін болады», - деп атап өтеді компания.

Сонымен қатар, жолаушының таңдауына қарай қосымша қызметтер ақылы. Тамақтану, жол жүгі, борттаға ұнататын орын, ұшаққа бірінші болып кіру үшін онлайн түрде ақша төлеуге тура келеді.

Бұған дейін бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек лоукостер билет құны Қазақстанда Air Astana бағасынан екі есеге арзан болатындығын айтқан болатын.

«Мәселен, түрлі бағытқа Air Astana билеттері шамамен 100 долларды құрайды. Бұл баға сатып алу мерзіміне байланысты өзгеріп отырады: бір апта тұрын алсаңыз - бір баға, үш күн бұрын алсаңыз - басқа баға дегендей. Fly Arystan билеттері Қазақстан бағыттары бойынша шамамен 40-45 доллар болады деп болжап отырмыз. Демек, Қазақстандағы Air Astana, BekAir, Scat компанияларынан анағұрлым төмен», - деген еді ол.

Соңғы жаңалықтар