Қазақстандық Максим Раков Бакудегі «Үлкен дулыға» турнирінің алтын жүлдесін еншіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық дзюдошы Максим Раков Бакуде өткен «Үлкен дулыға» турнирінің алтын медалін қанжығаға байлады, деп хабарлайды Sports.kz.
Финалдық белдесуде 100 келі салмақ дәрежесіндегі Раков Азербайжан палуаны Эльхан Мамадовты тізе бүктірді.