12:34, 06 Наурыз 2009 | GMT +5
Қазақстандық мамандар француздың Тулуза қаласындағы ғарыш нысандарында болды
АСТАНА. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясының мамандары жақында Францияның Тулуза қаласына барып қайтты.
Онда қазақстандық мамандар ынтымақтастық жөніндегі келіссөздер өткізді және стратегиядық серіктес ? француздың EADS Astrium компаниясының ғарыш нысандарында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазақстан ғарыш сапары» компаниясының президенті Ғабдуллатиф Мырзақұловтың айтуынша, жылдың басынан бері Астанада EADS Astrium компаниясының өкілдерімен екі кездесуі, бірнеше рет «Астана-Париж» аудио-конференциясы өткізілді. Енді міне қазақстандық мамандардың алғашқы десанты француздық компанияның ғарыш инфрақұрылымы нысандары орналасқан Тулуза қаласына барып отыр. Тулузаға жасалған жұмыс сапарының қорытындысы бойынша «Қазақстан Ғарыш Сапары» компаниясы мен EADS Astrium компаниясының вице-президенттері Марат Нұрғожин мен Ги Лимузиннің деңгейінде конфеденциалдық туралы келісім парафирленді, құрастыру-сынақ кешені мен Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесін құру жобалары бойынша атқаралатын жұмыстардың алдын-ала кестесі бекітілді, мамандарды оқыту және дайындау мәселелері талқыланды. Қазақстандық және француз мамандарының келесі кездесуі наурыз айының соңында Астанада өтеді.