Қазақстандық мамандар шетелдік кәсіпорындарға тағылымдамаға жіберілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Импортты алмастырудың өңірлік бағдарламалары қабылданады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Импортты алмастыру бағдарламасы бекітілгеннен кейін импортты алмастырудың өңірлік бағдарламалары қабылданады. Бағдарламалар импорт көлемін азайту жөніндегі жобаларды мониторингілеп, оларды іске асыруға бағытталатын болады. Бағдарламаны тиімді іске асыру үшін біз бизнесті қолдаудың жүйелі шараларын қатар жүзеге асыруды ұсынамыз», - деді министр.

Осы ретте Қайырбек Өскенбаев негізгі шараларға тоқталды.

«Бірінші, жобаларды қолдау үшін өнеркәсіпті дамыту қоры мен Қазақстанның даму банкінің қаржыландыру тетіктерін пайдаланамыз. Екінші деңгейлі банктер мен жергілікті атқарушы органдардың қаражатын тарту мүмкіндіктерін қосымша пысықтаймыз. Екінші, Бизнестің жол картасы бағдарламасындағы тетіктер қайта қаралады. Бұл өнеркәсіптік кәсіпорындардың энергия ресурстары мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға тең қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін жасалады. Импортты алмастыратын жобалар үшін әкімдіктердің қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етулерін ұсынамыз», - деді Қайырбек Өскенбаев.

Оның айтуынша, үшіншіден, жобаларды нәтижелі іске асыру үшін Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында өзіміздің кадрлық базамыз қалыптастырылады. Сонымен қатар кәсіпорындардың инженерлік-техникалық мамандарын алдыңғы қатарлы шетелдік кәсіпорындар мен ұйымдарға тағылымдамаға жіберу жоспарланып отыр.

«Төртінші - өндірістік кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету бойынша жер қойнауын пайдаланушыларға міндеттемелер бекіту. Бүгінгі таңда алюминий өндірушілерімен қайта өңдеумен айналысатын 7 кәсіпорынмен келісімге қол қойды. Мыс пен қорғасын бойынша да осы бағытта жұмыстар жүргізілуде», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар