«Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ жаңа Басқарма төрағасы тағайындалды

Әбиесов Жомарт Амангелдіұлы, 1975 жылы туған, «Қаржы және несие», «Құқықтану» мамандықтары бойынша жоғарғы білімі, Мемлекеттік басқару магистрі («Болашақ» Бағдарламасы, Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебі (Сингапур), Гарвард Университеті (АҚШ) деңгейі бар, сондай-ақ экономикалық ғылымдарының кандидаты. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін біледі.
2002 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Экономикалық саясат басқармасының Зерттеулер жүйесінің орталығында сектор меңгерушісі, бас инспектор, меңгерушінің орынбасары, «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ұлттық банкі басшылығындағы Ұлттық талдамалы орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдық-кадрлық жұмыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадрлық саясат бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2008 жылдан 2011 жылға дейін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Басқарушы директоры -Департамент директоры қызметін атқарды.
2011 жылдан бастап «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарушы директоры - басқарма мүшесі қызметін атқарған.
Бұған дейін «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы лауазымын иеленген Тілепалдинов Қайрат Рахатұлы ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Экономикалық даму және сауда министірлігінің баспасөз қызметі