Қазақстандық мерген қыз халықаралық сында күміс жүлде алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кувейтте стенд ату мен нысана көздеу спортынан ірі халықаралық турнир өтуде, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті. Виолетте Старостина турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Қазақстандық спортшы пневматикалық винтовкамен (10 метр) атуда екінші нәтижені көрсетті. Ал финалға дейінгі іріктеу кезеңінде ол үшінші орыннан көрінген еді.
Бірінші орынды сербиялық Андреа Арсовия, үшінші орынды бахрейндік Сара Алдосари иеленді.