Қазақстандық мергендер Азия чемпионатына соңғы әзірлігін бастап кетті

АЛМАТЫ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Оқ атудан Қазақстан ұлттық құрамасы Катардың Доха қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
None
None

Онда 11-22 қаңтарда ересектер арасында лицензиялық Азия чемпионаты өтеді. Анвар Юнусметов жаттықтыратын мергендер бұл байрақты бәсекеде 2012 жыл Лондонда өтетін Жазғы Олимпиада ойындарының 3-4 жолдамасын иеленуді жоспарлап отыр. Онда мұндай мәртебеге 1-2 орын спортшылар ғана ие болады.

Жалпы бұған дейін Олимпиада жолдамасына ел құрамасынан 2010 жылы Германияның Мюнхен қарласында өткен Әлем чемпионатында павлодарлық Вячеслав Подлесный ғана қол жеткізген болатын. Катардағы бұл жаттығу жиынына бас бапкер 15 спортшыны шақыртқан. Олардың арасында алматылықтардан Владимир Исаченко, Игорь Пирекеев, Юрий Мельситов пен Александра Малиновская бар. Команданың өзге мүшелерінің алтауы Шымкенттен, үшеуі Павлодардан, екеуі Астанадан. Катарда ересектермен бірге сондай-ақ жасөспірімдердің де Азия чемпионаты өтеді. Онда ел намысын 12 спортшы қорғамақ.

Соңғы жаңалықтар