Қазақстандық «Мерседес» көлігін маймылдың көмегімен сатпақ болған (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - kolesa.kz сайтының пайдаланушыларының бірі өзінің неміс көлігін сатудың ерекше тәсілін ойлап тапқан.

Қазақстандық «Мерседес» көлігін маймылдың көмегімен сатпақ болған (ФОТО)

2002 жылы шығарылған Mercedes-Benz CL 55 AMG көлігінің иесі ерекше суреттер арқылы сатып алушылардың назарын аудартпақ болған.

Көлік рөлінде шимпанзе отырған, маймыл қасында тұрған темір тұлпар суреттері оның тез сатылуына көмектесетіні немесе көмектеспейтіні жайлы айту қиын. Атап өту керек, CL 55 AMG көлігі әлі де сатылып жатыр.

null null