Қазақстандық «Месси» ел құрамасына шақырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Уфа» клубының жас шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының сапына шақырылды, деп хабарлайды Sports.kz ресейлік клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық «Месси» ел құрамасына шақырылды

«18 жастағы Еркебұлан Сейдахмет Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылды. Қазақстан 1-6 маусым аралығында Астана қаласында оқу-жаттығу жұмыстарын өткізеді. Жиын аясында Әзербайжан құрамасымен жолдастық кездесуі (5 маусым) өтеді», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, «Қазақтан шыққан Месси» атымен танылған жас футболшы Уфа клубымен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойғаннан соң екі матч өткізді. 7 сәуірде Туланың «Арсеналымен» өткен ойында (1:2) жарақат алып, бірнеше кездесуге қатыса алмаған болатын.